Солтүстік Корея белгісіз снарядтар ұшырды
2 наурызда ресми Пхеньян белгісіз екі зымыранды Жапон теңізіне қарай ұшырған
Бұл туралы оңтүстіккореялық штаб басшыларының комитеті хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. Бұған дейін де Солтүстік Корея осындай операцияларды жүзеге асырып келген еді. Дүйсенбідегі операциясы осы жылдағы біріншісі болып отыр.
Ресми дерекке сүйенсек, снарядтар Вонсан қаласынан аттандырылыпты. 2019 жылдың желтоқсан айында КХДР басшысы Ким Чен Ын елдің алдағы уақытта жаңа стратегиялық қару-жарақ шығаратынын мәлім еткен болатын.
Ескере кететін жайт, КХДР осымен бірнеше мәрте зымыранды сынақтан өткізіп отыр. Соңғы рет 2019 жылдың қараша айында снарядтарды сынақтан өткізген болатын. Бұған түрткі болып отырған - Вашингтон мен Сеулдің бірлескен әскери жаттығулары. Пхеньян АҚШ пен Оңтүстік Кореяның әрекеттері Солтүстік Кореяға басып кіруге бағытталған деген пікірде.
Бұған дейін ел президенті Ким Чен Ын оңтүстіккореялықтар Құрама Штаттармен ортақ әскери әрекеттерін доғармаса, басқа бағытқа бет бұратынын бірнеше мәрте айтып, сес көрсеткен болатын. Ал АҚШ пен Қытай әскери жаттығулардың қорғаныс мақсатында ұйымдастырылып жатқанын алға тартуда.