Қытайда Жапония мен Оңтүстік Корея көшбасшылары кезікті
Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ мен Оңтүстік корея президенті Мун Чже Ин 15 айдан кейін Чэнду қаласында жолықты
Әңгіме басында Жапония басшысы екеуара шынайы пікір алмасу болатынына сенім білдірді, деп жазды РИА Новости сайты.
Жапония Оңтүстік Кореяға электр техникасын өндіруге қажетті үш маңызды материалды экспорттауға тыйым салғаннан кейін, екі ел арасындағы қарым-қатынас нашарлап кеткен. Бірақ Жапония билігі желтоқсанда тыйымнан бас тартып, экспорттық тасымалға жартылай рұқсат берген.
Тақырыптар:
Главы Японии и Южной Кореи Международные сотрудничества Президент Южной Кореи Мун Чже Ин Премьер-министр Японии Синдзо Абэ