Өскемен
ясно
-18°
  • Өскемен
    -18°
  • Алматы
    -7°
  • Астана
    -9°
  • Ақтөбе
    -7°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    -4°
  • Қарағанды
    -9°
  • Көкшетау
    -10°
  • Қостанай
    -10°
  • Қызылорда
    -6°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -12°
  • Тараз
    -2°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +2°
$
515.25
+0.32
535.91
-0.13
¥
70.6
+0.05
5.18
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

22-ші қарашаға арналған әлем жаңалықтарының таңертеңгі панорамасы

Устинка LIVE жаңалықтар порталы саясат, экономика және басқа да маңызды оқиғаларға шолу жасап, БАҚ-та талқыға салынған бірнеше материалды ұсынады

АҚШ премьер-министрі Түркиядан ресейлік С-400 ЗЗЖ арылуды талап етуде


АҚШ мемлекеттік департаменттің өкілі Түркиядан С-400 зениттік-зымыран  кешенінен бас тартуды ұсынған, деп хабарлайды РИА Новости сайты.
- Біз бұны тұрақты түрде талқылаймыз. Бүгін де айттық, болашақта да сөз етеміз, - деп Трамптың сөзін келтірді.

Америка Құрама Штаттары президентінің айтуынша, ол өзі және Эрдоған екі елдің сыртқы саяси ведомство басшылары мен ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшілерді С-400 кешендері проблемаларын шешу бойынша жұмысты бірден бастауды сұраған.
- Түркияның С-400 кешендерін сатып алу АҚШ үшін әрине үлкен сын-қатер. Түркия - Солтүстік Атлант альянсындағы екінші әскер. Ал АҚШ-пен әріптестік орнатқысы келмеуі, бағынбауы Америка Құрама Штаттарының әлемдегі үстемдігіне күмәндануға негіз болады. Сондықтан Дональд Трамп барлық әдіс-тәсілді қолданады. Ең алдымен, санкциялармен қорқыту қаупі - олар нәтиже бермеді. Енді ол өзгере қалып, Эрдоғанмен келісуге тырысып жатыр. Сол себептен Трамп түрлі қызығарлық келісімдер ұсынуда. Ол алдағы сайлауды да ойлайды. АҚШ президенті үшін Түркиямен қарым-қатынастың Америка өзі құрып жатқан сыртқы саясат форматында реттелгені маңызды. Және де Түркияға жүктелген санкциялардың ені мен тереңдігі қандай болатындығы, олар қай жерлерде орналасатыны жайлы айтуға болады, - деді ол.
Су жаңа ресейлік С-400 жүйелерін жеткізуге келісімшарт Анкара мен Вашингтон қарым-қатынасын дағдарысқа әкелді. Америка Құрама Штаттары Түркиядан келісімнен бас тартуды және оның орнына америкалық Patriot кешендерін сатып алуды талап етті. АҚШ Анкараға F-35 жойғыш ұшақтарын сатудан бас тартамыз деп қорқытты. Сондай-ақ, түрлі санкциялар енгіземіз деді. Дегенмен Түркия ештеңеге келіспеді.
- Олар бәрінің жұмыс істеуі үшін С-400-ді жою, қайтару немесе қандай да бір жолмен жою керек екенін біледі. Сонымен бірге біз олардың әуе қорғанысына қарсы қажеттіліктеріне жауап беретін Patriot аккумуляторын сатып алу мүмкіндігіне шектеу қоймадық, - дейді шенеунік.
Ердоғанның айтуынша, С-400 толықтай 2020 жылдың сәуір айында іске қосылады. АҚШ келісімшарттан бас тартып, орнына американдық Patriot жүйелерін сатып алуды талап еткен. Ал Түркиядағы F-35 жойғыш ұшағының бөлшектерін сатуға, сондай-ақ санкциялар жүргізбек.

Нетаньяху премьер-министрдің сыбайлас жемқорлыққа қатысты айыптарын жоққа шығарды

Израильдің бас прокуратурасы премьер-министр Биньямин Нетаньяхуға “жемқорлық” бабы бойынша айып тақты. Ол туралы Үкімет жетекшісі жақын арада мәлімдеме жасайды, деп хабарлайды РОСБАЛТ.

Премьер-министрге үш іс бойынша айып тағылатыны ақпан айында белгілі болған. Нетаньяхудың айыпталғаны жайлы хабар Израильдегі саяси дағдарыспен тұспа-тұс келіп тұр. Қыркүйек айында қайта парламент сайлауы өткенмен жаңа үкімет жасақталмады. Коалиция құруға тырысқан Нетаньяхудың сәтсіз талпынысынан кейін Бени Ганц жетекшілік ететін оппозиция өзге партиялармен келіссөз жүргізе бастады. Егер ол келісім жасай алмаса, Израильде үшінші рет қайта сайлау өтпек. Израильдің премьер-министрі "құқықтық жүйедегі былықпаларды көрмеу үшін соқыр болу керек" дегенді айтты.

Иранда интернетке қол жеткізу жұмыстарын жүргізуде 


Жанармайдың қымбаттауына байланысты наразылықтардың көбейіп кеткендігі үшін Иран билігі интернет желісін өшіріп тастаған болатын, - деп хабарлайды Корреспондент.net.

Ұлттық қауіпсіздік кеңесі Ирандағы -  Хормозган, Керманшах, Араке, Мешхеде, Куме, Тебризе, Хамадане, Бушер, және де Тегеранның кей аймақтарындағы интернет желісін өшіргізіп тастаған болатын.
- Интернетті іске қосу үшін айтылмыш кеңестің резолюциясы керек. Елдегі ғаламторды қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деп атап өтті ведомства өкілі. 
16 қараша күні үкіметтің жанармайдың басғасын көтереміз деген шешіміне көңілі толмаған халық жаппай ереуілге шықты. Иранның полициялары шерушілерді тынышьштандыру үшін оларға қарсы оқ жаудырған, нәтижесінде куәгерлердің айтуынша екі адам қаза тапқан.  

Twitter қолданушыларына жағымды жаңалық


Twitter әлеуметтік желісі қолданушыларды жағымды жаңалықпен қуантуға шешім қабылдады, деп хабарлайды МИР24. 

Енді пайдаланушылар өз жарияланымдарының жауабын жасыра алады. Twitter-де хабарланғандай бұл қызмет түрі адамдар өздерін жайлы және қауіпсіз сезінуі үшін қажет. 
- Тест нәтижелері бойынша біз жаңарту әңгімелесуді реттеудің жаңа пайдалы әдісі болады деген қорытындыға келдік, - дейді компания мамандары.
Жасырын пікірлерді сұр белгіні басу арқылы көруге болады. Әзірлеушілер сонымен қатар жауаптарды жасыратын пайдаланушылардың 85% бұғаттауға жүгінбейтінін және дыбысты өшірмейтінін анықтады, сондықтан опция сұранысқа ие болуы керек.



Следующая →