Макрон "сары жейделілер" туралы ой білдірді
Франция президенті Эмманюэль Макрон "сары күртелілер" қозғалысын бұрмалап жібергендердің "зорлық нигилизміне" қатысты пікір білдірді
Франция ІІМ ақпараттары бойынша, 16 қарашада Франция қалаларының көшелеріне 28 мың манифестант шыққан, оның 4,7 мыңы – Парижде.
Ішкі істер министрі Кристоф Кастанер бүлік, полициямен қақтығыс кезінде 254 адам тұтқынға алынғанын айтты. Оның ішінде 173-і Парижден.
- "Сары жейделілердің" қозғалысының негізінде біз уақытында ести біліп, жауап қайтаруымыз керек болған ашу жатыр. Енді бұл көтерілістерде күш қолданылуда, - деді Кастанер.