Индонезияда көпшілік алдында пікір білдіруге тыйым салынды
Биліктегілер наразылық қаупі туғандықтан осындай әрекетке барып отыр. Тыйым Папуа мен Батыс Папуа ауылдарына қатысты
Индонезия үкіметі қоғам алдында өз пікірін ашық ақтара берудің соңы жаппай тәртіпсіздік тудырып, қоғамдық нысандарға шығын келтіруі мүмкін.
Бұндай тыйым салуға өткен айда басталған жергілікті халықтың нәсілдік кемсітушілікке қарсы ереуілдері себеп болған.
Бұл ереуілдер жаппай тәртіпсіздікке ұласып, шеруге шыққандар дүкендер мен қонақ үйлерге шабуыл жасап, өрт қойып, әкімшілік ғимараттарды басып алмақ болды. Осы бассыздық салдарынан 6 адам қаза болып, өңірге 6 мың тәртіп сақшысы жөнелтілген.