Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Қытай әскери шығындарды арттыруды жоспарлауда

ҚХР Мемлекеттік кеңесі елдің әскери шығындары орташа қарқынмен өсе береді деп мәлімдеді

Бұл ҚХР Мемлекеттік кеңесі жариялаған мемлекеттік қорғау бойынша Ақ кітапта жазылған, деп хабарлайды Новоти РАА сайты.

- Қазіргі уақытта халықаралық міндеттемелерді орындау және өзінің дамуы үшін Қытайдың әскери шығыстары мен ұлттық егемендікті, қауіпсіздік пен даму мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі қажеттіліктер арасындағы үлкен алшақтық бұрынғысынша қалып отыр. Экономикалық дамуға сәйкес Қытайдың әскери шығындары қалыпты және тұрақты өсуді сақтайтын болады, - делінген құжатта.

Қытай билігі мәлімдегендей, ел өз егемендігін қорғауға, аумақтық тұтастықты және теңіз мүдделерін қорғауға ұмтылады. 

- Жалпы Қытайдың әскери шығындары ашық және айқын, олар тиімді және орынды, - делінген құжатта.

Қытай қорғаныс бюджетінің көлемі бойынша әлемде екінші орында. Ағымдағы жылы ҚХР әскери шығындары 177,6 млрд долларды құрайды.

Следующая →