АҚШ заңсыз жұмысшыларды жаппай депортациялауды бастамақ
АҚШ аумағында заңсыз мигранттар елдің үлкен проблемасына айналды әрі президент Д.Трамп мұнымен күресемін деп уәде берген еді
Енді АҚШ Президенті Трамп миллиондаған босқындарды жаппай депортациялауды бастап кетті, деп хабарлайды Новости РАА.
Оның сөзіне қарағанда, АҚШ-тың иммиграциялық кеден полицейлері депортация жұмысына келесі аптадан бастап кіріседі.
- Қалай келді, солай кететін болады, - деп мәлімдеді Трамп.
Мәлімдеме барысында Трамп демократиялық партия өкілдерін бұл мәселеге бейқам қарап отыр деп айыптады. Өйткені көрші Мексика елінде иммиграция заңы бұдан да қатал.