Гонконгтағы наразылық білдірушілер үкімет ғимараттарын жабуға мәжбүрледі
Экстрадиция бойынша заңға енгізілген өзгерістерге қарсылық таныту шаралары Гонконг орталығындағы әкімшілік ғимараты алдында басталды
Сондықтан да мемлекеттік қызметкерлерге қауіпсіздік үшін жұмысқа келуге тыйым салынған. Әкімшілік ғимарат 13 және 14 маусым күндері жабық, деп хабарлайды Новости РАА сайты.
Мыңдаған наразы халық кірпіштен бөгеттер тұрғызып, өз дегендерінде соңына дейін тұруға ниетті. Олардың дегені орындалуда – заң қарастырылатын жиын болмайды.