Иран мұнай бағасының қымбаттауы туралы ескертеді
Парсы шығанағындағы қақтығыс мұнай бағасын бір барреліне 100 долларға дейін және одан да жоғары көтереді
Ислам революциясы күзетінің Бас қолбасшысы генерал Яхья Рахым Сафави Парсы шығанағындағы кез келген әскери қақтығыстар мұнай бағасының айтарлықтай өсуіне алып келеді деп мәлімдеді, деп хабарлады жексенбі күні "Фарс" Иран агенттігі.
- Парсы шығанағында шығарылған ең алғашқы оқ мұнай бағасының 100 доллардан жоғары өсуіне жол ашады. Бұл Америка, Еуропа және Жапония мен Оңтүстік Корея сияқты АҚШ одақтастары үшін тиімсіз болар еді, - деді Сафави агенттікке берген сұхбатында.
Соңғы уақытта Иран мен АҚШ арасындағы шиеленіскен қарым-қатынастар одан әрі шиеленісе түсті. Мамыр айында АҚШ әкімшілігі Парсы шығанағына "Авраам Линкольн" авиатасымалдағышын және Иран тарапынан америкалық мүдделерге қауіп төнуіне жауап беру үшін бомбалаушылардың эскадрилін жіберді.