Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +10°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +9°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +14°
  • Шымкент
    +14°
$
448.56
+0.67
478.03
+1.25
¥
61.97
+0.08
4.79
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

30 мамырға арналған таңғы жаңалықтар легі

Устинка LIVE жаңалықтар порталы саясат пен экономика саласында болып жатқан әлемдік жаңалықтарды топтамасын ұсынуды жөн көріп отыр

Венесуэла президенті оппозициямен жасырын келіссөз жүргізуде

Венесуэла президенті Николас Мадуро сәрсенбі күні Норвегияда оппозиция өкілдерімен екі күндік жасырын кездесу мен келіссөз өткендігін мәлімдеді, деп хабарлайды Новости РАА.

Келіссөзде елдің ақпарат және байланыс министрі Хорхе Родригес, сыртқы істер министрі Хорхе Арреаса пен Миранда штатының губернаторы Эктор Родригес болған.

- Біздің жолымыз – келісім, бейбітшілік пен демократия, - дейді Мадуро.

Мемлекет басшысы оппозиция өкілдерімен болған келіссөзді конструктивті деп бағалады.

- Біз жасырын келіссөздерді бұдан бұрын, екі-үш ай бұрын бастағанбыз. Венесуэла үшін бейбіт келісім болғанын қалаймын, - дейді Мадуро.

Венесуэлада 21 қаңтар күні Мадуроның ант қабылдауынан бастап жаппай наразылық пен дүрбелең басталған еді. Ұлттық ассамблеяның басшысы, оппозиционер Гуаидо бүлік шығарып, өзін елдің уақытша президенті екендігін атап қазіргі билікке қарсы агитация бастаған болатын. АҚШ пен Еуропаның бір қатар мемлекеттері Гуаидоны мемлекет басшысы деп қолдаса, Ресей, Қытай, Түркия елдері Мадуроға қолдау көрсетеді.

АҚШ пен БАӘ әскери серіктестік туралы келісімге қол қойды

Екіжақты келісімге кеше 29 мамыр күні қол қойылды, деп хабарлайды РОСБАЛТ.

Аталмыш келісім Вашингтонның Таяу Шығыстағы әскери қимылдарды бақылауда ұстауына мүмкіндік бермек, ал Біріккен Араб Әмірлігі үшін Парсы шығанағындағы тұрақтылықты ұстауға мүмкіндігі тумақ.

Мексикада 20 адам жол апатынан көз жұмды

Жолаушылар көлігі мен жүк көлігі соғылып, 20-дан аса адам көз жұмып, 18 адам жарақат алды.

Бұралаң жолмен келе жатқан жүк көлігінің тежегіші ұстамай, қарсы келе жатқан автобусқа соғылып, төңкеріп тастаған.

Автобустың түгі қалмай жанып кетті. Жолаушылардың жартысы төңкерілген автобустан шыға алмай көз жұмды.

Айта кету керек, жолдың бұл аймағында жол апаты көп болады екен. Бұған дейін де жүк көлгінің бірнеше апаты орын алған.

Будапештте кеме аударылып қалды

Будапешт өзенімен жүріп бара жатқан кеме тағы бір туристік катермен соғылып аударылып қалды: жеті адам көз жұмды, 16 адам жоғалып кетті.

Батып кеткен кеменің бортында 34 адам болған, оның көбі Оңтүстік Кореядан келген туристер екен.

Следующая →