Абхазияда кандидаттың ауруханаға жатқызылуы себебінен сайлау кейінге қалдырылды
Депутат Лаша Ашуба хабарлағандай, Абхазия басшысы лауазымына сайлау 25 тамызға ауыстырылды
Ашубаның айтуынша, 30 депутаттың 25-і отырыста президенттік сайлау күнін ауыстыру үшін дауыс берді, деп хабарлайды Новости РАА сайты. Сайлауды ауыстыру туралы ұсыныспен Абхазияның қазіргі президенті Рауль Хаджимба сөз сөйледі. Бұл елдегі саяси жағдайды тұрақтандыру үшін жасалды.
Абхазияның оппозициялық партиясы ұсынған кандидат Аслан Джанияның ауруханаға жатқызылуы себебінен сайлау күнін күзге ауыстыру туралы талаппен сөз сөйледі. Оппозицияның мәлімдеуінше, оппозиция көшбасшысы уланып қалған.
Қазіргі уақытта Бас прокуратура аталған факті бойынша тексеріс жүргізуде. Сонымен қатар, Парламент спикері Валерий Кварчийдің хабарлауынша, ресми медициналық қорытынды Бжанияның улану фактісін анықтаған жоқ.
Бұған дейін Абхазия Парламенті президенттік сайлауды 23 қарашаға ауыстыру туралы талапты қабылдамады. Оған жауап ретінде оппозиция тек Абхаз астанасында ғана емес, елдің бүкіл аумағында да наразылық акцияларын жариялады. Президент пен оппозиция ымыраға келіп, сайлау күнін 25 тамызға көшірді. Сайлау кейінге қалдырылғаннан кейін жаппай наразылықтар тоқтатылды.