Қытай АҚШ сауда келісіміне қарсы шығып отыр
Қытай үкіметінің айтуынша, АҚШ пен Қытай елдерінің арасында сауда келісімі теңбе-тең емес, американың артықшылығы басым
Қытайдың сыртқы істер министрі Ван И мұндай сауда келісімінің елге әкелер пайдасы жоқ. АҚШ-тың ұтатыны көп болғандықтан, сауда келісім жасағысы келмейді.
Сонымен қатар қытай министрі АҚШ-пен тең дәрежеде сауда келісімін жасауға әрқашан әзір екендігін жеткізді. Ал егер Вашингтон тарапы қысым келтіретін болса, онда соңына дейін бұл саясатқа қарсы тұрмақ.
Айта кету керек, былтыр АҚШ президенті Трамп елге еніп жатқан қытай тауарларына баж салығын енгізіп, Қытай мен АҚШ арасындағы сауда соғысын тудырған болатын.