Италияда пилоттардың ереуілінен 300 рейс шегерілді
Alitalia әуе компаниясы пилоттар мен жолсеріктер ереуілге шыққанын, нәтижесінде 300 рейс ұшпай қалғанын хабарлайды
Итальяндық әуе компаниясына ішкі рейстерді және кей еуропалық қалалардың рейсін шегеруге тура келді, деп жазады МИР24 сайты.
Ереуілшілер жұмыс жағдайын жақсартуды талап етуде. Ереуілшілер әуе компаниясының болашағаны ада алаңдаулы. Өйткені Alitalia қаржылық қиындықтарды бастан кешіп жатқан көрінеді.
Ереуілге басқа да итальяндық әуе компанияларының қызметкерлері де қосылған.