Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

2 мамырда орын алған әлем жаңалықтары

Устинка LIVE жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына ілікке экономика, саясат және өзге, салалар бойынша ең маңызды оқиғалар легін ұсынады

Ұлыбританияда жергілікті билікті сайлау өтеді


ЕО-дан кету туралы референдумдан кейін ел тұрғындары алғаш рет партияның жұмысы мен консервативті кабинеттерінің жұмысына байланысты көзқарастарын білдіре алады, деп хабарлайды РИА Новости сайты.

Аталмыш сайлау төрт жылда бір рет өтеді және биыл мамыр айының 3-і күні өткізіледі . Сайлау бекеттері жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді. Аудандардың жартысының дауысы түнде саналып ал қалған бөлігі жуманың таңғы уақытында санлады. Дауыс беру нәтижелері жұманың ортасына дейін жарияланатын болады. Сайлау Шотландия мен Уэльсте өткізілмейді.

Британдықтарға алты мэр және Англияның 248 жергілікті кеңестерінің мүшелері мен Солтүстік Ирландияның 11 жергілікті кеңестерінің мүшелерін сайлауға мүмкіндік алады, жалпылай алғанда барлығы 8 мыңнан астам орынды құрайды. онымен қатар, олардың жартысы қазіргі таңда консерваторлар тарапынан бақылауда. Премьер-министр Тереза ​​Мэйдің жұмысына жалпы қанағаттанбауына байланысты және Брешит проблемасын шешуге үкіметтің қабілетсіздігіне байланысты мемлекет бірнеше ай бойы терең саяси дағдарыс жағдайында, сондықтан консерваторлар алдағы сайлауларда бірнеше жергілікті кеңестерді бақылаудан айырылып қалуы ықтимал. Сарапшылардың пікірінше, Консервативтік партия жергілікті кеңестеріндегі өзінің қатысуын 20% -ға төмендетуі мүмкін.

Консервативтік партия бірнеше рет өз сөзінде "белгілі бір орындардан" айырылып қалуға дайын екенін айтты, алайда көшбасшы Тереза ​​Мэйдың сеніміне кіру мақсатында партия кеңесте нақты қанша орын босату керектігі айтылмаған .



Монғолияда Бубон обасында екі адам қаза тапты


Моңғолияның Баян-Өлгий аумағында бубон обасынан қайтыс болу туралы екі оқиға тіркелді. Инфекциялардың таралуын болдырмау және алдын алу бойынша бірқатар шаралар қабылдануда, сол себепті аумақта карантин жарияланды, деп хабарлайды РОСБАЛТ.

Бубон обысын Yersinia pestis бактериясы түзеді, аталмыш оба саршұнақтар мен егеуқұйрықтардан бүрге арқылы тарайды және адамға жұғу қауіпі бар.

Құрама Штаттарда ракета қорғаныс жүйесінің тағы бір дерекқоры құрылады


АҚШ конгресінің жоспары бойынша, Иранның ракеталық шабуылынан қорғану мақсатында аталмыш база елдің солтүстік-шығысында орналастыру керек деп хабарлайды life.ru.

Бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім қабылданған-қабылданбағанына байланысты АҚШ-тың қорғаныс министірінің міндетін атқарушы Парик Шанахан нақты қабылданғанын айтты, алайда кейінірек ол толықтай сенімді емес екенін айтты.

- Менің білуімше, шешім қабылданды. Алайда қандай шешім қабылданғанын айтпас бұрын, мендегі ақпараттың қаншалықты соңғы ақпарат екендігіне көз жеткізуге мүмкіндік беріңдер, - деп мәлімдеді американдық әскери ведомстваның басшысы.

АҚШ-тың батыс жағалауында екі қорғаныс базасы бар: Аляскада - Форт-Гринли, Калифорнияда - Ванденберг. Американдық билік өкілдері мәлімдегендей, аталмыш базалар КХДР-нің ракеталық шабуыл қатерінен қорғауға арналған.

Иранның ракеталық шабуылынан қорғану мақсатында аталмыш база елдің солтүстік-шығысында орналастыру керек деп хабарлайды АҚШ билігі.


Антарктиданың ең үлкен мұздығы еруін жылдамдатты

Росс шельф мұздығы - Антарктидадағы ең ірі мұздық. Росс теңізінің оңтүстік бөлігін қамтиды. Ауданы 527 мың километр квадрад. 2000 жылы Антарктидадан В15 айсбергі бөлінген. Аумағы 11 мың шаршы метр болған мұзтау ашық теңізде біраз қалқып жүріп, Росса теңізіне барып тірелген.

Росса мұздығы ғалымдардң ойлағаннан да жылдам еруде. Зерттеу нәтижесінде мұздықтың жылдам еруі күннің мұхит бетін жылытуы әсер еткен.

Жаңа Зеландиядағы Ұлттық су және атмосфералық зерттеулер институтының зерттеушілері Крэйг Стюарттың басшылығымен мұздықтың бірнеше жыл бойы мұхитпен өзара әрекеттесуін зерттеуде.

- Біз мұздықтың температурасын, ағыс бағытын, судағы тұз мөлшерін тағы сол сияқты параметірлерін анықтау мақсатында мұздықта терең ұңғыма бұрғылап сенсорларды мұз астына жібердік. және бір әрдайым мұз қалыңдығын радар арқылы бақылап отырамыз, - деп мәлімдеді Крэйг Стюарт.

Ғалымдардың айтуынша, әзірге Росс мұздығы тұрақты қалыпта, бірақ климаттық өзгерістерге байланысты теңіз мұзы одан сайын жұқарады.



Следующая →