Солтүстік Корея басшысы Ресейге келді
Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын Ресейдің Примор өлкесінің Хасан бекетіне келіп түсті
Пойыз бекетіне келіп түскен Ким Чен Ынды орыстың ұлттық киімін киген қыздар күтіп алып, каравай наннан ауыз тигізді. Оны күтіп алуға Шалғай Шығысты дамыту жөніндегі министр Александр Козлов пен Приморь өлкесінің губернаторы Олег Кожемяко келген екен.
Хасан бекетінде орыс-кәріс достығын насихаттайтын шағын үй тұрғызылған. Бұл үй 1986 жылы салынған.