Ресей мұнайының сапасына Беларуссияның көңілі толмайды
Беларусь "Белнефтехим" концернінің өкілі Марина Костюченко ресейлік Urals экспорттық қоспасының сапасы соңғы уақытта күрт нашарлағанын айтты
Оның айтуынша, әңгіме "Гомельтранснефть Дружба" магистральды мұнай құбыры учаскесіне транзитпен келіп түсетін мұнай туралы болып отыр.
Хабарламада айтылғандай, қоспаның құрамында хлорлы органикалық қосылыстар бар, ол мұнай өңдеу зауыттары жұмысының технологиялық режимін бұзуы мүмкін.
Мұнай үлгілері "Гомельтранснефть Дружба" ААҚ зертханасымен Белоруссиядағы ресейлік компания өкілінің қатысуымен зерттелді.
Осыған байланысты Белоруссия "Транснефть" АҚ-ның өкілдерімен ресми кездесу сұрап, басқа елдерден мұнай құбырының операторларын хабардар етті.