ЕуроОдақ Ливиядағы жағдайларға алаңдаулы
Ливияның жағдайы ушығып барады, ал ЕуроОдақтың алаңдатушылығын тудырып отыр
- Әскери қақтығыстарды тудырмас үшін гуманитарлық көмек жасау арқылы келісімге келуге болады. Содан кейін саяси келісімдер жасауға мүмкіндік туады. Мұны Еуропаның барлық мемлекеттерді қолдайды деген ойдамын, - дейді ЕО-ның Шетел істері мен қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Федерика Могерини.
Ливиядағы саяси дағдарыс екіге бөлініп кетті: елдің шығысын халық сайлаған парламент билесе, ел астанасы Триполи БҰҰ мен ЕуроОдақ құрған Ұлттық келісім үкіметі билік етуде.
Ал өткен аптада Триполиде Ливияның ұлттық әскері дүрбелең шығарып, әуежай мен жақын маңдағы бірнеше қаланы басып алған еді.