АҚШ Президенті Мексика шекарасын жабу туралы ойынан бас тартты
Алайда Трамп Мексика үкіметі ағылып жатқан мигранттар мен есірткі сатушылар мәселесін шешпесе, көрші елден келетін автокөліктері баж салығын көбейтетіндігін айтып отыр
АҚШ Президенті Дональд Трамп Мексикамен шекараны жабу туралы ойынан бас тартты.
- Ақ үй басшысы экономика және заңнамалық мәселелермен айналысатын кеңесшілерімен кеңесе келе, шекараны жаппайтындығын айтты. Егер Мексика шекарасы жабылатын болса, онда АҚШ-тың экономикасына айтарлық зияны тимек, - деп жазады The Washington Post.
Ал Ақ үй басшысы есірткі мен босқындар мәселесін шешу үшін Мексикаға бір жыл уақыт берді.