Мадуро Трампты Венесуэланы дәрі-дәрмектен айырды деп айыптады
Венесуэла президенті Николас Мадуро америкалық көшбасшы Дональд Трампты дәрі-дәрмек өндіруге арналған қаражатты елден ұрлады деп айыптады
Ол АҚШ үкіметі Венесуэланы дәрі-дәрмек өндіру үшін негізгі заттарды сатып алуды жоспарлаған 5 млрд доллардан айырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Новости РАА сайты.
- Дональд Трамп, сен гуманитарлық көмек беруге дайын деп айтуға мүмкіндік алу үшін әлем халықтарының біріне қарсы ең қылмыстық шаралардың біріне жауаптысың. Екіжүзділер, ұятсыздар, жағымпаздар. Бұл гуманитарлық көмек емес, халықты қинау, қорлау үшін аздап бүлінген, канцерогенді тамақ болды. Бірақ бізді ешкім қинай алмайды, қорлай алмайды. Біз олармен күресеміз. Ал фармацевтикалық өнеркәсіп Венесуэла халқы үшін дәрі-дәрмекке кепілдік береді, - деді Мадуро.
Мадуро Үкіметі гуманитарлық көмек жеткізуге талпыныстар оның еліне қарсы арандатушылық және агрессияны жасыру болып табылады деп мәлімдейді.