Гуайдо намерен занять президентский офис
Венесуэла оппозициясының басшысы Хуан Гуайдо жақын арада президент резиденциясына – "Мирафлорес" сарайына кіріп, сонда жайғасатынын айтып желпінуде
- Бізге жұмыс істейтін кеңсе керек. Әскер толықтай біздің жағымызға өткеннен кейін, "Мирафлорес" сарайынан бізге кеңсе алу қажет, - деп мәлімдеді Каракас қаласында сөйлеген сөзінде.
Ал Мадуроның биліктен кеткенін қалайтын наразылық білдірушілер Гуайдоны қолдап, "сенің қолыңнан келеді!" деп айғайлай бастады.
Бұл митинг қаланың батыс жақ бөлігінде өтті.
Ал Венесуэланың бас прокуратурасы Гуайдоның электр стансасында болған апатқа қатысы бар деген уәжбен тергеуге ала бастады.