АҚШ дипломаттары Венесуэладан кетуде
Венесуэладағы жағдайдың нашарлауына байланысты елде қалған АҚШ дипломатиялық миссиясының өкілдері мемлекет аумағынан кетеді
АҚШ Венесуэла елшілігінде қалған барлық қызметкерлерді жағдайдың нашарлауына сілтеме жасап қайтарады.
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео бұл шешімді бүкіл ел бойынша бірнеше күн бойы электр қуаты болмаған кезде жариялады.
Дипломаттар аптаның соңына қарай кетпек.
Венесуэлада электр энергиясының ауқымды ажыратылуы мұнай экспортының тоқтатылуына алып келді, бұл елге күніне миллиондаған доллар шығын әкелуде.
Ал Венесуэла президенті Николас Мадуро электр қуатын өшіру - АҚШ-тан келген хакерлік шабуылдардың нәтижесі екенін мәлімдейді.