АҚШ-та Трампты тексеру жұмыстары тағы да басталды
АҚШ Өкілдер палатасының заң комитеті АӨШ президенті Дональд Трамқа қатысты кең тергеу жұмыстарын бастамақ
АҚШ Конгресінің демократ өкілдері президент Дональд Трамптың құқықтық құзіреттілігіне қатысты тергеу жұмыстарын бастауды көздеп отыр.
- Жоғары құқық нормаларын қадағалау – Конгресс пен Өкілдер палатасының басты міндеті болып табылады. Президент әкімшілігін тексеру туралы Конгрестің ұсыныстары қаралмай жатыр, бұл зор шығын. Конгресс биліктің құзіреттілігін тексеруге міндетті, - дейді заң комитетінің басшысы Джеррольд Надлер.
Ал Трамп өз кезегінде тексеріске дайын екендігін жеткізді.