Мадуро сайлау жариялауды ұсынып отыр
Венесуэланың президенті Николас Мадуро оппозициялық парламент спикері Хуан Гуаидо сайлауға қатысуға қорқады деп күдіктенеді
Хуан Гуаидо қаңтар айының аяғында өзін Венесуэланың уақытша президенті деп жариялаған болатын, оны АҚШ пен бірқатар Латын Америка елдері қолдау білдірген еді.
Ал Мадуро өзін елдің конституциялық басшысы, ал оппозиция өкілін "АҚШ-тың қуыршағы" деп атады.
- Ол неге сайлау ұйымдастырғысы келмейді? Егер елдің президенті болғысы келсе, сайлауға қатыссын, - дейді Мадуро.