Ресей Венесуэлаға гуманитарлық көмек береді
Ресей Венесуэлаға 300 тонна гуманитарлық көмек бермек
Венесуэла президені Николас Мадуроның айтуынша, елге күн сайын гуманитарлық көмек келіп жатыр. Ал 20 ақпан күні Ресейден гуманитарлық көмек келмек.
- Сәрсенбі күні Ресейден гуманитарлық көмек келеді әрі бұл ресми көмек, - дейді Мадуро.
Елге жеткізілетін өнімдердің көпшілігі дәрі-дәрмектер.
АҚШ-тан да гуманитарлық көмек келуі мүмкін деген болжам бар. Алайда Ресей АҚШ гуманитарлық көмек беріп көмектескенше, санкцияларды алып тастауы керек деген пікір айтып отыр.