17 қаңтарға арналған әлемдік жаңалықтар легі
Устинка LIVE жаңалықтар порталы өткен түндегі көзге шалынған ақпараттарды ғана емес, саясат пен экономика саласындағы маңызды оқиғаларға да шолу жасады
Жапон аралдарының бірінде жанартаулар атқылай бастады
Жапонияда Кувиноэрабу аралында жанартау атқылай бастады. Тұрғындарды шұғыл эвакуациялау жүргізілуде, деп хабарлайды РОСБАЛТ.
Республиканың оңтүстік-батысында Кагосима префектурасында орналасқан аралдың аумағы 38 шаршы км құрайды. Бұл жерде 150 адамға тұрады.
Өткен жылы сол аралда тағы бір жанартау атылған болатын. Ол кездеде тұрғындарды эвакуациялауға тура келген.
Тбилисиде жарылыс болды
Грузия астанасында тұрғын үйде газ жарылды, деп хабарлайды life.ru. Бұл 16 қаңтарда кешке қаланың солтүстігінде болды.
Полиция хабарлауынша, бірнеше адам жарақат алды және ауруханаға жатқызылды. Оқиға орны қоршалған. Тұрғындар эвакуацияланды.
Алғашында үш адам қаза тапты деп мәдімет тараған, қазіргі уақытта онда жеті адамның қайтыс болғаны туралы белгілі белгілі болды. Оның алтауа бала.
Жапон қонақ үйінде роботтардың жартысы жұмыстан шығарылды
2015 жылы Жапонияның Сасебо қаласында ашылған Hotel Henn na қонақтарға қызмет көрсететін роботтардың жартысынан бас тартуға мәжбүр болды, көптеген арыздар мен машиналардың жиі бұзылуынан кейін, деп хабарлайды MIR 24 телеарнасының сайты.
Henn na алғашқы роботты қонақ үйлердің бірі болды. Қызметкерлердің барлық функцияларын негізінен андроидтар жасады. Мысалы, қонақтарды динозавр роботтары қарсы алады.
Алайда, қонақ үйң ашылғаннан кейін мұндай ерекше қызметкерлер үшін қонақтардан көптеген шағымдарды қабылдады. Атап айтқанда, роботтар деректер мен мерзімдерді жиі шатастырып алады, оларды ресепшнге тіркеп, дұрыс әуежай кестесін жарияламайды, түнде қонақтарды оятады.
Сонымен қатар, қонақүй менеджменті роботтардың сапасына наразылық білдірді. Мысалы, олар бөлмелерге жүктиерді ұзақ уақытта жеткізеді немесе жолда сөмкелерді жоғалтып алады, кейбір тапсырмаларды орындай алмайды.
Қазіргі уақытта қонақ үй роботтарды кейбір қызметкерлермен, оның ішінде ресепшнде ауыстыра бастады. Henn na қонақтарды жоғары сапада, барлық жағдайларда қамтамасыз етуді қалайтынын айтып түсіндірді.
Австралия үкіметі вомбаттарға құрметпен қарайды
Австралияның ұлттық парк болып табылатын Мария аралында, жануарларға сыйластықпен қарауға шақыратын «жүн және қауырсын» белгісі қойылды. Әсіресе, вомбаттармен, деп хабарлайды Korrespondent.net.
Ұлттық парктің өкілі атап өткендей, ешқандай ерекше оқиға болған жоқ, дегенмен, жануарлармен суретке түсуді қалайтын адамдар көбейіп келеді.
Туристтерден, атап айтқанда, жануарлар мен олардың балаларын аңдымауды, оларға қолын созбауды, тым жақын болмауды, артынан қоқыс тастап кетпеуді талап етеді.
Мария аралында көптеген вомбаттар өмір сүреді, кішкентай аюлар және ірі тышқандар.