Макрон француз азаматтарын жалпыхалықтық дебатқа белсене қатысуға шақырды
Франция президенті Эмманюэль Макрон елдің болашағы жайлы маңызды мәселелерді талқылауға белсене қатысуға шақырды
- Әрине, елдің кейбір азаматтарының елдің қазіргі жағдайына көңілі толмайтындын білемін. Өйткені салық жоғары, кейбір тұрғындардың еңбекақысы аз, мемлекет азаматтарының барлығына бірдей мүмкіндік берілмеген, олардың жетістігі шыққан тегі мен жеріне байланысты. Барлығымыз дамыған, гүлденген, әділ елде өмір сүргенді қалаймыз, - деп жазды Макрон ұлтқа арналған хатында.
Оның айтуынша, азаматтардың бұл наразылығын тыңдауға әзір.
- Жетістікке жету үшін байлық пен тамыр-таныс қажеті жоқ қоғам құрғымыз келеді, - дейді президент.
Ол елдің болашағына қатысты мәселелерді халықпен бірлесіп шешу керектігін алға тартты.
- Сондықтан бүгіннен бастап 15 наурызға дейін ұлттық деңгейде ірі дебаттар мен пікірталастар өткізуді ұсынып отырмын. Тыйым салынған мәселе болмауы тиіс. Бірақ барлығының ойын тыңдауға әзірміз. Осылайша біз бір халық екендігімізді көрсетеміз, - дейді президент.