Өскемен
облачно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    -8°
  • Астана
    -9°
  • Ақтөбе
    -9°
  • Актау
    +4°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -12°
  • Көкшетау
    -4°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    -6°
  • Павлодар
    -15°
  • Петропавловск
    -4°
  • Тараз
    -7°
  • Туркестан
    -8°
  • Шымкент
    -7°
$
523.86
544.34
¥
71.77
5.11
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

14 қаңтарға арналған әлемдік жаңалықтар легі

Устинка LIVE жаңалықтар порталы өткен түндегі көзге шалынған ақпараттарды ғана емес, саясат пен экономика саласындағы маңызды оқиғаларға да шолу жасады

Дональд Трамп Түркияға қауіп төндірді

Сириядан америка әскерлер шығарылғаннан кейін Анкара Сириядағы күрдтерге қарсы шабуыл жасаса, АҚШ президенті Түркияға қауіп төндіреді деп хабарлайды Correspondent.net.

- Егер Түркия күрдтерге шабуыл жасайтын болса, біз Түркияға экономикалық дағдарыс жасаймыз -деді. 20 милялық қауіпсіздік аймағын құру қажет. Сондай-ақ, мен күрдтерді Түркияның, Ресейдің, Иранның немесе Сирияның арандатқанын қаламаймын. Олар ИГ жеңілуіне үлкен үлес қосты. Біз оларға алғысымызды білдіреміз, бірақ қазір әскерлерді кері қайтару қажет,- деді Трамп.

Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын Түркияда американдық әскерлерді аймақтан шығаруды кешіктірген жағдайда олар Сирияның солтүстігіндегі күрдтерге қарсы кейінге қалдырылған әскери операцияны бастайтындарын айтқан.

Ресейдегі жапондық делегация журналистермен кездесуден бас тартты

Дүйсенбіде ресейлік және жапондық дипломатиялық делегациялар келіссөздер жүргізеді, деп хабарлайды РОСБАЛТ. Токио бір мезгілде журналистермен әңгімелесуден бас тартты. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова телеэфирден хабарлады.

- Біз үшін екіжақты келіссөздер қарсаңында жапондық әріптестер отырыс нәтижесі бойынша бірлескен баспасөз мәслихатын өткізбеуді сұрады. Бұл біз үшін тосыннан болды, - деді ол.

Бұған дейін, Мемлекеттік Думада Ресей Федерациясынан Жапонияның талап еткен Оңтүстік Курил аралдарынан бас тартуға тыйым салатын заң жобасы енгізілген болатын.

Венесуэлалық барлау қызметі ел парламентінің басшысын ұстады

Венесуэлада Ұлттық ассамблеяның(біртұтас парламент) басшысы Хуан Гуайдо ұсталды, деп хабарлайды мир 24. Саясаткердің ұсталғанытуралы ақпарат Парламенттің Twitter бетінде орналастырылған.

- Біз 13 қаңтарда барлаушылардың Венесуэла Ұлттық ассамблеясының басшысы Хуан Гуайдоны ұстап алғанын әлемге және елге хабарлаймыз.

Боливариялық ұлттық барлау қызметінің өкілдері Гуайдоның Ла-Гуайра қаласының (Варгастың солтүстік бөлігінің астанасы)маңында ұсталғанын атап өтті. Қазіргі уақытта қайда екенін, парламентшілер білмейді.

Бұрын Хуан Гуайдо Венесуэланың Конституциясына Мемлекет басшысының өкілеттігін жүзеге асыруға мүмкіндік беріп, азаматтарды 23 қаңтарда жаппай наразылыққа шақырғанын айтады.

Польша азаматы пышақпен қала басшысына шабуыл жасады

Оқиға «Үлкен оркестр мерекелік көмекте» қайырымдылық концерті кезінде болды, деп хабарлайды life.ru.

Гданьск қаласының басшысы Павел Адамовичке пышақпен шабуыл жасаған адам, түрмеге түсу үшін жасағанын айтады.

Айта кетейік, 2013 жылы Гданск қаласында бірнеше рет банк тонау қылмысы үшін шабуылшы бес жарым жылға бас бостандығынан айырылған болатын.



Следующая →