Жапония мен Ресей Курил аралына қатысты өтемақыдан бас тартуы мүмкін
Жапон билігі Мәскеуге Оңтүстік Курилға қатысты кез-келген өтемақыдан бас тартуға ұсыныс тастауы мүмкін
Ұсыныс Ресей мен Жапония арасындағы бейбітшілік туралы шарт бойынша келесі келіссөздерде жасалуы мүмкін, деп хабарлайды РИА Новости сайты.
Бейбітшілік шартына қол қойылған жағдайда ол қақтығыстан кейінгі процестерді реттеуге және екі жақты қатынастарды нығайтуға мүмкіндік беретін қосымша келісімге негіз болады.
Оңтүстік Курил мәселесі ұзақ уақыт бойы екі ел арасындағы бейбітшілік шартын жасасуға кедергі келтірген болатын. Себебі, Жапония 4 аралдың болуын талап етті.
7 қаңтарда Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ Ресеймен бейбітшілік туралы шартқа қол қою үшін бар күш-жігерін жұмсайтынын жариялады, бұл аймақтық даулар тарихындағы күтпеген өзгеріс деп үміттенеді.