Чехия Ресей елшілерін кері қайтаруды ойлап отыр
Чехия үкіметі 2016-2017 жылдары Қорғаныс министрлігі мен Сыртқы істер министрлігіне Ресей тарапынан бірнеше рет хакерлік шабуыл жасалғанын алға тартып отыр
Ал кибершабуыл кезінде чех шенеуніктерінің жеке мәліметтері ұрланып кеткен. Оның үстіне, ел үкіметінің коммуникациялық жүйесіне де қатер төнуде. Чех үкіметі хакерлік шабуылды Ресеймен байланысы бар ATP28 мен Fancy Bear топтары жасады деп күдіктеніп отыр.
Ал Ресейдің Прагадағы елшілігіндегі қызметкерлердің көбі техникалық персоналдар екендігін айтады Чехияның қауіпсіздік қызметі.
- Мұндай қызметкерлердің "артында" құпия қызмет мамандары болуы мүмкін. Оның үстіне Чехияда репортер, олигарх болып жүргендердің кейбірі ресейлік шпиондар болып отыр, - дейді қауіпсіздік қызметі.
Ресей Чехияны НАТО мен ЕуроОдақ елдеріне қарсы стратегиялық жоспарларды құратын гибридті аймаққа айналдырып алған дейді жергілікті үкімет. Праганың ойынша, Мәскеу ЕуроОдақ мемлекеттерінің кейбіріне қысым көрсету арқылы НАТО-ның күшін әлсіреткісі келеді.