Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

3 қаңтарға арналған әлемдік жаңалықтар легі

Устинка LIVE жаңалықтар порталы өткен түндегі көзге шалынған ақпараттарды ғана емес, саясат пен экономика саласындағы маңызды оқиғаларға да шолу жасады

АҚШ Ресейден тыңшылық ісін түсіндіруді талап етуде

Вашингтон Мәскеуден ұсталған АҚШ азаматы Пол Уиланды дереу босатуды талап етіп отыр, деп хабарлайды РОСБАЛТ

Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның айтуынша,"Тыңшылық" бабы бойынша қылмыстық ісі қозғалған Уиланның тұтқындалу себебін американдық тарап білгісі келеді, деп хабарлайды Reuters.

ФСБ хабарлағандай, 28 желтоқсанда Мәскеуде «тыңшылықты анықтау акциясы өткізілген кезде» АҚШ азаматы Пол Уилан ұсталды. Алдын ала мәліметтер бойынша ол теңіз әскерінде қызмет еткен, сондай-ақ тойға келген.

ТАСС-нің хабарлауынша, Уилан әскердегі қызметін1994 жылы бастаған және штат сержанты атағына дейін көтерілген, бірақ 2008 жылы ұрлық жасағаны үшін жұмыстан шығарылды.

Солтүстік теңізде улы химикаттар бар контейнерлер жоғалды

«МСК Zoe» құрғақ жүк кемесі дауыл кезінде Солтүстік теңізде шамамен 270 контейнер жоғалтты, олардың үшеуінде улы химикаттар бар, деп жазады Life.ru.

2 қаңтар түні Панамандық жалаудың астында кеме Боркем неміс аралының жағалауынан боранға тап болып, тасымалданатын жүктердің бір бөлігін жоғалтты.

Влиланд және Терсхеллинг голландиялық аралдарына баратын 21 контейнердерде ойыншық, жиһаз және автобөлшектер тиелген. Ондаған контейнерлер, соның ішінде реактивті химиялық заттар бар үш қорап, суда қалады.

Жергілікті тұрғындарды табылған контейнерлерді өз бетімен ашпауға және төтенше жағдайлар қызметіне хабарлауға шақырды.

Солтүстік Кореяның елшісі Италиядан баспана сұрады

Оңтүстік Кореяның баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, КХДР-ның Римдегі өкілетті елшісі Чо Сон Гил Италиядан баспана сұраған. Сонымен қатар, жергілікті биліктің қорғауында болады, деп хабарлайды Correspondent.net.

Сондай-ақ, бұл ақпаратты Сеул әлі ресми растамады, бірақ әдетте КХДР өкілдері жасыруға тырысып жатады деп Оңтүстік Корея жағдай туралы хабардар етті.

Жапония Императоры соңғы рет халық алдына шықты

Императордың мерекелік сөзі Жапонияның жаңа жылдық дәстүрлерінің бірі. Өздерінің монархтарын қарсы алу үшінИмператор сарайының алдына шамамен 60 мың адам жиналған, - деп хабарлайды МИР24 сайты.

30 сәуірде Акихито өзінің жас мөлшеріне байланысты тағынан бас тартуы керек, ал 1 мамырда оның ұлы Нарухито таққа отырады. Император өз сарайының балконынан оқ өткізбейтін әйнек арқылы сөйледі.

- Сіздерді жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын. Мен бұл мерекені сіздермен ашық аспан аясында атап өткеніме қуаныштымын. Мен биылғы жылдың барлықтарыңыз үшін жақсы болуын тілеймін. Мен Жапония халқына және бүкіл әлемге бейбітшілік пен бақыт тілеймін, - дейді Акихито.

Император бір күн ішінде 5 рет 15 минут құттықтау сөз айтуға шығады. Ал адамдарға бірнеше сағат күтуге тура келеді.

Следующая →