Египетте сары күртешелер сатуға тыйым салынды
Францияда өткен "сары күрте кигендердің" наразылығы үлкен бүлікке айналғаны белгілі. Соған орай Египет билігі мұндай киімдердің сатылуына тыйым салып отыр
Өйткені мысыр билігі Франциядағыдай Египетте де бүлік пен наразылық орнауы мүмкін деп күдіктеніп отыр.
"Ассошиэйтед пресс" агенттігі хабарлағандай, сары күртелерді базарда, көтерме сауда орындарында сатуға мүлдем тыйым салынған, ал толайым саудаға шығарған компаниялар полициядан арнайы рұқсат алу керек.
Мұндай шектеу қаңтар айының соңына дейін қойылып отыр. Өйткені мысыр билігі қаңтар айында елдің оппозициялық күштері дүрлікпе ұйымдастыруы мүмкін деген күдікпен отыр.
2011 жылы 25 қаңтарда елді 1981 жылдан бері билеп келген Хосни Мүбарактың отставкаға кетуін талап еткен көтеріліс болған еді.