Өскемен
ясно
+22°
  • Өскемен
    +22°
  • Алматы
    +22°
  • Астана
    +18°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +9°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +16°
$
443.44
480.51
¥
61.36
4.88
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

29 қарашаға арналған таңғы жаңалықтар легі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады

Солтүстік Корея мен Венесуэла одақтасады

Венесуэлаға келген Солтүстік Кореяның қазіргі басшысы Ким Ен Нам мен Венесуэла Жоғарғы кеңесінің президиумы серіктестік жөніндегі келісімшартқа қол қойды. Корея делегациясы мен Венесуэланың президенті Николас Мадуро өзара түсіністік және бір-біріне саяси тұрғыдан кеңес беру бойынша келісімге келді. Сонымен қатар елшілер мен қызметтік төлқұжатпен жүрген қызметкерлерге визасыз жүруге рұқсат берілді.

- Венесуэла енді өзіне бауырлас мемлекет Корея Халық Демократиялық республикасының дамуы жолына түспек, - деп жазды Мадуро Twitter желісінде.


Конор Макгрегор жүргізуші куәлігінен айырылды

Бұрынғы UFC чемпионы Конор Макгрегор көліктің жылдамдығын асырғаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды, деп хабарлайды life.ru.

Ирландияның солтүстігіне барған Макгрегор жылдамдықты 100 шақырымнан асыруға болмайтын тас жолда 154 шақырыммен жүргені үшін жүргізуші куәлігінен айырылды әрі 1000 доллар айыппұл салынды.


Словакия мен Украинаның арасында көші-қон ушығуы мүмкін

Бұл жайында Словакияның премьер-министрі Петер Пеллегрини мәлімдеді.

Премьер-министрдің ойынша, қазір Украина мен Ресей арасында әскери-саяси дау-дамайлардың ушығуына байланысты Украинаның батысындағы халық Словакияға қарай ағылуы мүмкін.

- Украинаның батысындағы халық саяси жағдайлардың ушығуына байланысты батысқа қарай үдере көшуі мүмкін. Ал бұл Словакияның шығыс шекарасына қауіп төндіреді, - дейді Пеллегрини.

Ал Словакияның қорғаныс министрі Петер Гайдош елдің шығыс шекарасын күшейту жұмыстары басталғанын, күзеттегі әскерге қосымша тағы 1200 әскери қызметкер қосылғанын хабарлады.


Бельгияда эвтаназия жасау фактісі тексерілмек

Осыдан сегіз жыл бұрын 38 жастағы науқасқа Тина Ниске дәрігерлер Аспергера синдромына шалдыққан деп диагноз қойып, науқастың келісім берумен эвтаназия, яғни, айықпас дерттен арылу үшін медициналық өлім жасау тәсілін қолданған.

Алайда бірнеше жыл өткеннен кейін науқастың туыстары полицияға шағымданып, психиатрларды жалған диагнозбен адам өлтірді деп айыптаған. Марқұмның туыстарының айтуынша, науқастың өлерінің алдында екі ай бұрын ғана осы диагноз қойылған әрі дәрігерлер тарапынан да эвтаназия кезінде көптеген кемшіліктер жіберген. Әйел науқас сүйіктісінен айырылып, үлкен күйзеліске түскен, оның дерті Аспергера емес дегенді айтады.

Ал дәрігерлердің бірі Нистер жанұясының өзі дертке шалдыққан деп айыптап отыр.

- Бұл отбасының жарасы ауыр, қоршаған орта мен адамдарға деген жанашырлық жоқ, - дейді дәрігер.

Айта кету керек, Бельгияда Аспергера дертіне шалдыққандарға эвтаназия жасауға рұқсат берілген. Соңғы 16 жылдың ішінде 10 мың адамға эвтаназия жасалған екен.


Следующая →