Өскемен
малооблачно
+13°
  • Өскемен
    +13°
  • Алматы
    +23°
  • Астана
    +17°
  • Ақтөбе
    +28°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +28°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +16°
  • Қостанай
    +21°
  • Қызылорда
    +30°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +24°
  • Туркестан
    +25°
  • Шымкент
    +26°
$
447.25
485.18
¥
61.77
4.96
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

23 қарашаға арналған таңғы жаңалықтар легі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына іліккен саясат, экономика және өзге де салалар бойынша ең маңызды оқиғалар легін үсынады

фотода Джавад Зариф



Сергей Лавров АҚШ туралы: бұл енді халықаралық құқық емес


Ресей мен Белорусия СІМ басшылары Химиялық қаруға тыйым салу ұйымының міндеттерін өзгерту туралы талқылады. Оған шабуылға кінәлілерді өзі анықтауға рұқсат берді. Идеяны АҚШ ұсынды, ал Ресей мен Қытай наразылық танытпады, деп хабарлайды "МИР 24" телеарнасы.

- Бұл енді халықаралық құқық болып табылмайды. Бұл батыстағы әріптестер өз қалауынша орнатқысы келген ережеге негізделген тәртіп болып табылады, - деді бұл жағдайға қатысты Ресей СІМ Сергей Лавров.

Ал оның әріптесі серіктестік туралы ойды қолдады.

- Біз бірлесе жұмыс істеуіміз керек. Біз, Белоруссия да ол үшін Сергей Викторович айтқандай, келіссөз жүргізу үшін жиналуымыз керек, - деп атап өтті Белоруссия СІМ.


Вашингтон Huawei техникасын пайдаланбауға кеңес береді


АҚШ әкімшілігі одақтас елдердің билігі мен ірі телекоммуникациялық компанияларды Қытайдың Huawei фирмасы өндірген техникадан бас тартуға шақырады, деп хабарлайды life.ru.


The Wall Street Journal газетінің мәліметтеріне сүйенсек, Вашингтон компания өнімінен тарайтын қауіптен сескенеді. Өйткені олар өндірген өнімдері арқылы ҚХР кибершабуыл жасап, электронды тыңшылық жүргізуі мүмкін.



Иран ядролық келісімдер шартын қайта қарауға қарсы


Иран сыртқы істер министрі Джавад Зариф 2015 жылы қабылданған ядролық келісімді қарау мүмкін емес екенін атап өтті. Бұл туралы Корреспондент.net сайты хабарлайды.

- Иран АҚШ талап еткендей 2015 жылы қабылданған яролық қару туралы келісімді қайта қарауға ниетті емес, - деп атап өтті Зарифа.

Ол сонымен қатар, иран халқы американдық санкцияларға қарсы тұра алатындығын да жеткізді.


Қарсыз фин аюларының хәлі нашарлаған


Биыл Финляндияда 1961 жылдан кейін бірінші рет қарашада қар жоқ. Бұл қысқы ұйқыға кететін аюларға қиын соғып тұр деп дабыл қағады зоолог Илпо Койола, деп хабарлайды РОСБАЛТ.

Койола айтқандай, қаңтарда төлдейтін аналық аюлар табиғи жағдайға қарамастан ұйқыға кете берсе, аталықтары алғашқы қарды күтетін көрінеді.

Әзірге Финляндиядағы лапландық Энонтекие елді мекенінде ғана аздаған қар жатыр. Қараша айының үш аптасында Финляндияда әлі ұйқыға кетпеген жиырма аю байқалған.



Следующая →