Ғасыр басынан бері АҚШ соғыс үшін 6 трлн доллар жұмсаған
Браун университеті жүргізген зерттеулерге сәйкес, АҚШ-тың қатысуымен өткен соғыстарда 480 мың адам қаза болған. Оның жартысы жазықсыз бейбіт тұрғындар
Браун университеті 2001 жылдан бастап әлем бойынша орын алған соғыстардағы АҚШ-тың шығынын есептеді, деп хабарлайды Новости РАА сайты.
Мәліметтерге сүйенсек, бұл сома 5,9 трлн долларды құрайды. Ал Пентагон әскери шығынды 1,7 трлн деп көрсетті.
Одан өзге Ауғанстан, Ирак, Сирия және тағы да басқа елдермен болған қақтығыстардың нәтижесінде АҚШ-тың әскери қимылы 10 млн адамның босып кетуіне соқтырды.