Франция Еуропаның өз әскерін жасақтауға ұсыныс беріп отыр
Франция президенті Эммануэль Макрон АҚШ-тан тәуелсіз әскери одақ құруды ұсынды
Макрон Еуропаның ішкі саяси мәселелерінен сырттан килігушілердің көп екенін айтады.
- Біз Еуропаның өз әскерін құрмай еуропалықтарды қорғай алмаймыз. Еуропа өзін-өзі емін-еркін қорғай алуы керек, - дейді президент.
Француз басшысының айтуынша, Еуропаға негізінен кибершабуылдан қауіп көбірек.
- Біздің қорғануымыз қажет! Қытайдан да, Ресейден де, тіпті, АҚШ-тан да, - деп мәлімдеді Макрон.