Дания Иранға қарсы санкцияны күшейтпек
Дания билігі Ирандағы өз елшісін шақырып алып, Иранды сепаратистік қозғалыстардың бірінің оппозиция жетекшісін өлтіруге әрекет жасағандығы үшін айыптайды
Шабуылға дайындықты Данияның барлау қызметі айтып отыр. Осыған байланысты патшалық өз елшісін шақырып қана қоймай, Еуроодақты Иранға қарсы жаңа санкциялар енгізуге шақырады.
Сонымен қатар, Дания Сыртқы істер министрлігінің басшысы Андерс Самуэльсен Иранның Даниядағы заңсыз қызметіне қатысты құпия қызметтерін айыптады.