Қытай Иран мұнайынан бас тартуда
Бұндай шешім АҚШ-тың Иранға жариялаған кезекті санкциялары аясында қабылданған
CNPC иелік ететін Куньлунь, банкі ирандық контрагенттерге серіктестікті тоқтататындықтарын мәлімдеген. Қытай Ираннан күнделікті сатып алып отырған 600 мың баррель көлеміндегі мұнай ақысы дәл осы банк арқылы өтетін.
Қытай компаниялары әзірге ресми түрде бұл ақпаратқа байланысты пікір білдірмей отыр, ал Ақ үй бұл сұрақтың әлі де талқыланып жатқанын айтады.