Ким Чен Ын АҚШ-қа ядролық нысандар тізімін беруден бас тартты
Солтүстік Корея көшбасшысының болжауынша, Вашингтон мен Пхеньян арасында сенім жоқ, сондықтан бұндай ақпараттармен бөлісу орынды емес
Ким Чен Ын АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның ядролық нысандардыі тізімін ұсыну туралы өтінішінен бас тартты.
Ким Чен Ын бұл өтінішті орындаудан бас тартуына АҚШ-тың тіпті ол тізімді берген күннің өзінде сенбейтіндігімен түсіндірді.
Оның ойынша, АҚШ пен КХДР екеуара арадағы сенімді қарым-қатынасты орнатып алған жөн.