Польша Германиядан жаңа әдіспен есептелген репарацияны талап етеді
Польша үкіметі Екінші дүниежүзілік соғысы кезінде келген шығынды қайта есептейді. Бұл Германияға репарация бойынша наразылық білдіру үшін қажет
- Соғыстан кейін 1947 жылы жасалған есеп бойынша біздің шығын 50 млрд доллар деп есептелген. Бірақ бұл ескі есеп, - деп атап өтті репарациялар төлемі бойынша парламенттік комитет басшысы Аркадиуш Мулярчик.
Ол енді Польша есептеудің жаңа әдістерін қолданатундығын мәлімдеді.
Алайда Германия бұл жабылған сұрақ деп, келіспей отыр.