Сауд Арабиясы Канаданың кешірім сұрауын күтеді
Сауд Арабиясы сыртқы істер министрі Адель аль-Джубейр Канаданы Эр-Риядтан кешірім сұрауға шақырды
Сауд Арабиясы мен Канада арасындағы дипломатиялық қақтығыс канадалық құыққорғаушыларды босату туралы талабынан кейін туындаған, деп хабарлайды Новости РАА сайты.
- Ол елдің бізге жөн сілтеп, талап қоюы өрескел. Біз ақыл үйрететін республика емеспіз, - деді Сауд Арабиясының СІМ басшысы.
Одан өзге, ол Канада Эр-Риядтан кешірім сұрауы қажеттігін атап өтті.
Кикілжің Эр-Риядтағы Канада елшілігі биліктен құқыққорғаушыларды "дереу босату" туралы талап қойғаннан кейін шыққан.