Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

6 қыркүйекке арналған әлем жаңалықтарының таңертеңгі легі

Устинка Live жаңалықтар порталы саясат, экономика және өзге де БАҚ назарына ілінген өткен түндегі маңызды оқиғаларға шолу жасады

фотода Белоруссия президенті Александр Лукашенко

Парагвай елшілікті Иерусалимге көшірмейді

Нетаньяху мәлімдегендей, Парагвай шешімі екі елдің ара қатынасына нұқсан келтіруі мүмкін. Сондықтан да Асунсьондағы елшілікті жабуға бұйрық берді.

- Парагвай Таяу Шығыстағы адал әрі сенімді бейбітшілікке жету жолындағы аймақтық дипломатиялық күшке үлесін қосқысы келеді, - делінген Парагвай СІМ басшысының мәлімдемесінде.

Оның айтуынша, Парагвай Израильдегі өз елшілігін Иерусалимге көшіруді тоқтатты.

Израиль билігі де Парагвайдың бұл шешіміне дереу жауап берді.

- Израиль Парагвайдың шектен шығып кеткен шешіміне қарсы. Бұл екі ел арасындағы қатынасқа зиянын тигізеді, - деді бірнеше минуттан кейін Израильдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху.


Лукашенко өз бақшасындағы картобын қазып алды

Белоруссия көшбасшысы Александр Лукашенко өз бақшасындағы картоп пен қарбыз өнімдерін жинап алды, деп мәлімдейді Life.ru сайты.

Лукошенконың ресми сайты хабарлағандай, жазда жауын-шашынның аз болуына қарамастан, мол өнім жиналды: жарты гектар жерден 60 тонна картоп жиналды. Гектарынан 400 центнер өнім алынды.

Жиналған картоптың жартысын президент балалар үйлері мен интернаттарға береді екен.

Сонымен қатар, Лукошенконың шаруа қожалығынан қарбыз жиналды. 1,6 гектар алқаптан 42 тонна қарбыз өнген.

Жапониядағы жер сілкінісінен жүздеген адам зардап шекті


Жапонияның Хоккайдо аралындағы 6,7 магнитудалы жер сілкінісінен 110 адам зардап шегіп, тағы 19-ы Ацума кентінде із-түссіз жоғалып кеткендер қатарында, деп хабарлайды МИР24 сайты.

Томакомай қаласындағы бір адамның хәлі мүшкіл.

Жер сілкінісі орын алғаннан кейін аралда электр қуаты өшіп қалған. Шамамен үш миллионға жуық үй жарықсыз отыр. Екі адам қаза болды.

Жер сілкініс ошағы Ибура қаласында.

АҚШ конгрессмендері кибершабуылдарға жауапкершілік бойынша заң қабылдады


АҚШ конгрессінің палата өкілдері АҚШ-қа қарсы ұйымдастырылған кибершабуылдарға қатысы бар шетелдік азаматтар немесе ұйымдарға қатысты санкциялық шаралар туралы заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды ФАН РАА.

Следующая →