АҚШ: Солтүстік Корея ядролық қарудан бас тартуға әрекеттенбей отыр
Американың барлау қызметі Солтүстік Кореяның ядролық қарудан бас тарту бағдарламасын орындап жатпағанын әрі ядролық қару нысандарын әлі жоймағанын айтып отыр
Ал мамыр айында Солтүстік Корея Пхунгери полигонындағы төрт үңгірдің үшеуін жарып, ядролық сынақ өткізген болатын, деп хабарлайды Новости РАА.
- Солтүстік Кореяның ядролық қарудан бас тартып, денуклеаризация жүргізіп жатқанын не жатпағанын анықтай алмай отырмыз. Өйткені біздің инспекторлар жер астындағы нысандарды тексере алмайды, құқық берілмеген, - дейді АҚШ-тың Ұлттық барлау қызметінің директоры Дэн Коутс.
Солтүстік Кореяның ядролық қарудан бас тарту операциясы АҚШ пен КХДР арасында болған саммит келісімшартынан кейін басталуы тиіс болатын. Алайда Солтүстік Кореяның қандай шара қолданып жатқаны жайлы әзірше мәліметтер жоқ.