Америка конгрессмендері қытай шенеуніктеріне қарсы санкция жариялауды талап етіп отыр
АҚШ конгрессмендері мұсылмандарды лагерьге қамап жатқаны үшін қытайдың ресми тұлғаларына қарсы санкция қолдану керек деп отыр
Бұл жайында конгрессмендердің АҚШ мемлекеттік хатшысы мен министрлер кабинетіне жолдаған ұжымдық хатында айтылған.
- Екі партияның да өкілдері мұсылмандарды жаппай тұтқындауға қатысы бар Қытайдың ресми тұлғаларының есепшоттарын бұғаттап, АҚШ-қа келуіне тыйым салу жөнінде ұсыныс жасап отыр, - деп жазады сенатор Марко Рубио Twitter желісінде.