Италия ЕО-ға салық төлеуден бас тартуы мүмкін
Италия вице-премьері хабарлағандай, егер Брюссель мигранттар бойынша ұстанымын қайта қарамаса, бюджетте ЕО-ға салық төлеуге қаржы қарастырылмайтын болады
- Егер Еуроодақ өз ұстанымынан таймай, Diciotti кемесі бойынша да еш шешім шығармаса, келімсектерді орналастыру бойынша шара қабылдамаса, "5 жұлдыз қозғалысы" партиясы ЕО-ға жыл сайын 20 млрд еуро салық төлемейтін болады, - деп мәлімдеді Италияның вице-министрі Луиджи Ди Майо.
Италия осымен бірнеше рет мигранттарды қабылдаудан бас тартқан. Соңғы жағдай – Жерорта теңізінде батып бара жатқан Diciotti кемесінен теңізшілердің 177 жолаушыны құтқаруы.