Өскемен
пасмурно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +9°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +19°
$
442.05
474.14
¥
61.07
4.74
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

13 тамызға арналған таңертеңгілік жаңалықтар легі

Устинка Live жаңалықтар порталы өткен түнде БАҚ назарына түскен саясат, экономика салаларындағы маңызды жаңалықтарға шолу жасады

Грекияда тағы бір арал өртенуде

Эвбея грек аралында орман өртіне байланысты төтенше жағдай жарияланды. Қазіргі уақытта екі кенттің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды РОСБАЛТ.

Өрт сөндіру жұмыстарына 186 адам, 62 өрт сөндіру көліктері, 5 тікұшақ және 6 ұшақ жұмылдырылды. Сонымен қатар, Грекияның басқа да аудандарынан қосымша күштер тартылуда.

Өрт жексенбіде күндізгі уақтта Эвбеяның орталық бөлігінде бастау алған. Соңғы деректер бойынша, екі үй өртенген, зардап шеккендер тіркелмеген. Құтқарушылар елді мекендердің айналасына буферлік аймақтар құрған. Ыстық ауа райы мен әрдайым бағытын өзгертіп отыратын қатты жел жағдайды қиындатуда.

Өрт туралы Грекия премьер-министрі Алексис Ципрас хабардар.


Германияда туристер мінген трактор аударылды

Германияда Лидербах ауданы маңында тіркемесі бар экскурсиялық трактор жол-көлік апатына ұшырады. Салдарынан 27-дей адам зардап шеккен, деп хабарлайды Корреспондент.net.

Трактор алқапта туристерді қыдыртып жүрген. Жолдың кілт бұрылысында көлік аударылып қалған.

27 зардап шеккендердің жартысына жуығы – балалар. Ал алты зардап шегуші ауыр жарақат алды.

Трактормен серуендеу жергілікті танымал сауықтың бір түрі болып саналады. Туристерді жүгері алқаптары мен шытырмандарда қыдыртады.


NASA басшысы Роскосмос директорымен кездесу жоспарлады

NASA директоры Джим Брайденстайн болашақта "Роскосмос" басшысы Дмитрий Рогозинмен кездесуге дайын екендігін мәлімдеді, деп хабарлайды life.ru.

- Мен Рогозинмен болашақта кездесуге ниеттімін, - деді Брайденстайн C-SPAN телеарнасына.

NASA директоры Рогозиннің АҚШ-қа келуіне салынған тыйымға қатысты ведомство барлық шектеулерді ескереді деген.

Рогозин және Брайденстайн алғашқы кездесулерін Байқоңыр ғарыш айлағында осы жылдың қазан айына жоспарлап отыр.


Карл Маркс бейнеленген 0 евролы купюралар әлем бойынша сатылуда

100 мыңнан астам кәдесый купюралары сатылып кеткен, деп хабарлайды Новости РАА.

Наурыз айында неміс философының 200 жылдық мерейтойына орай Трир қаласындағы туризм саласында маркетингпен айналысатын компания Маркс бейнеленген кәдесый купюраларын шығарған еді. Бес мың даналық алғашқы таралымы бір ай ішінде сатылып кеткен болатын.

- Аталған купюралар үлкен сұранысқа ие. Купюралар осындай танымалдылыққа ие болады деп ешкім күтпеген болатын, - деді кәдесый шығаратын компания өкілі.

Кәдесый купюралары әлемнің 40-тан астам еліне жіберілді. Олар Қытайда ерекше танымалдылыққа ие. Онда шамамен 30 мың дана жіберілді.

Компания өкілі атап өткендей, кейбір сатып алушылар бірден 100 данаға тапсырыс берген. Мысалы, мекемелер оларды қызметкерлеріне сыйлыққа алған.

Компания сайтында хабарланғандай, күлгін түсті банкноттар шын ақша сияқты көрінеді.

Следующая →