Ресей АҚШ-қа қарсы санкция жарияламақ
Ресей Сыртқы істер министрінің департамент директоры Мария Захарова неліктен АҚШ-тың бүкіл әлемге санкция жариялаумен айналысып жатқанын айтты
Мария Захарова Ресейдің де АҚШ-қа қарсы санкция жариялайтындығын мәлімдеді, деп хабарлайды Новости РАА.
- АҚШ өзінің даму мүмкіндіктерін, ресурстарын жоғалтып жатыр. Сондықтан дағдарыстан да айыға алмай келеді. Ал дағдарыстан шығаратын ресурстарды сырттан алу керек. Сол үшін де саяси экспансия жасауға барып отыр, - дейді Захарова.
Соңғы уақыттары АҚШ бірнеше елге қатаң санкциялар жариялап үлгерді. Солардың арасында Ресеймен бірге Иран, Солтүстік Корея мен ЕуроОдақ мемлекеттері бар.