АҚШ-тың қорғаныс қаржысы 700 млрд долларға дейін жетті
АҚШ Сенаты 2019 жылға арналған бюджет қаржысын бекітті
Ал келесі жылы елдің қорғаныс саласына бөлінген қаржының сомасы 717 млдр доллар болып отыр. Енді бюджет құжатын АҚШ президенті Дональд Трампқа жолданды, ол қол қояды.
- АҚШ-тың ұлттық қорғаныс заңнамасы прогрессивтік технологияларды құрастыруды негіз қылып алған. Биыл соңғы он бес жылда болып көрмеген бюджет қаржысы талқыланып бекітілді, - дейді сенаттың республикалық партия басшысы Митч Макконелл.
Бюджет қаржысының басым бөлігі Ресейге қарсы тұру үшін жұмсалмақ. Сонымен қатар, АҚЩ Түркияға талап қойып, Ресейден ЗРС С-400 қаруын сатып алғанын мойындауды талап етіп отыр. Егер Түркия мойындамаған жағдайда, түріктер жасаған F-35 бомбалаушы қаруды сатып алудан бас тартпақ.