Иран билігі АҚШ-ты санкция жариялауға өзі тәуелді деп кінәлады
Иранның сыртқы істер министрі Джавад Зариф АҚШ-тың басқа елдерге санкция жариялауға әуес екендігін айтып сынады
Онымен қоаймай, парсы елшісі АҚШ-тың санкция жариялауға деген әуестігін "есірткіге тәуелділік" сияқты құмарлық екендігін атап өтті.
- Былтыр АҚШ-пен қосылып, бірнеше мемлекет Иранға қарсы санкция жариялаған еді. Ал қазір жағдай өзгерді, - дейді Дж. Зариф.
Парсы министрі Еуропаға да ойланар кез келгендігін айтып, АҚШ-ты әлемдік аренадаға қолдауға дайын ба әлде оған қарсы ма – соны шешіп алуы керектігін ескертті. Өйткені қазір Еуропа мен АҚШ-тың қарым-қатынасы нашарлай түсті.