ЕуроОдаққа тағы бір ел қосылмақ
Франция президенті Эммануэль Макрон Сербияның ЕО-ға 2025 жылдан ертерек кіре алатынын айтты
- Іс ойлағаннан да тезірек жүзеге асуда, - деп атап өтті Макрон Сербиялық жетекші Александр Вучичпен кездесуден кейін.
Дегенмен, ЕО-ға кіру үшін Сербия барлық шарттарды орындауы тиіс. Сонымен қатар Сербия президенті Еуроодақтың өз елінің мүшелігі туралы оң шешімін күтетінін мойындады. Сербиядан басқа Албания, Македония, Черногория және Түркия ЕуроОдаққа кіруге үміткер.
Сербия президенті Александр Вучич Еуроодаққа қосылса да, Сербия билігі Ресейге қарсы санкцияларға қосылмайтынын мәлімдеді.