Ұлыбританияда жаңа СІМ басшысы сайланды
Ұлыбритания СІМ басшысы болған Борис Джонсон қызметтен кету туралы өтініш жазды
Тереза Мэй өтінішті қабыл алып, 2016 жылдан бері еткен еңбегі үшін Джонсонға алғыс білдірді.
Ұлбританияның премьер-министрі бұл қызметке бұрын Денсаулық сақтау министрлігін басқарған Джереми Хантты лайық деп таныды.
Ал Денсаулық сақтау министрлігіне бұрынғы Мәдениет министрі Мэттью Хэнкок тағайындалды. Мәдениет министрлігі басшысының орнын Джереми Райт басты. Ал оның Англия мен Уэльс бас прокуроры қызметіне Ұлыбритания парламенті мен Консервативті партиясының үшесі Джеффри Кокс тағайындалды.